ISMET – әр кәсіпкер өз қызметтерін сатылымға қою немесе басқалардың қызметтеріне тапсырыс бере алу мүмкіндігі бар бизнеске арналған ашық цифрлы тұғырнама.

ISMET - Табыс табу, жаңа технологияларды үйрену және де біліммен бөлісуге арналған коммуникациялық алаң. 

ISMET - Бизнесті мемлекет тарабынан қолдау бойынша бірегей оқу құралы.

Сіздің бизнесіңізді қарқындату мен тиімді етуге арналған қызметтермен қолдана аласыз. Өз қызметтеріңізді басқа қатысушыларға ұсына аласыз. Порталда мемлекеттік бағдарламалар, салық айналымы және бизнесті бастамалау жөніндегі кеңестерді кездестіресіз. Блогтар және формудар тарауында сіз тәжірибеңізбен бөлісіп, көптеген сұрақтарға жауап таба аласыз. Қазақстанда жасалған тарауында кәсіптерін табысты ете білген кәсіпкерлер жайлы ақпарат пен олардың бұл нәтижеге қалай жеткендері жайлы әңгімелерімен таныса аласыз. и форумах вы можете делиться опытом и задавать вопросы. 

  1. Басты беттің жоғарғы оң жағында орналасқан "Кіру" батырмасын басыңыз.
  2. Төменде "Қатысушы болу" батырмасын басып, тіркелу бетіне өтіңіз.
  3. Тіркелу бетіндегі жолдарды толтырыңыз:
    • Аты
    • Тегі
    • Әкесінің аты
    • Электронды адрес
    • Құпиясөз
  4. Жария офертамен танысып, "танысу белгісін" басыңыз.
  5. "Жалғастыру" батырмасын басыңыз. Тіркелуді растау беті ашылады.
  6. Телефон нөміріңізді енгізіңіз.
  7. "Құптау кодын алу" батырмасын басыңыз.
  8. Нөміріңізге келген кодты 5 минут аралығында енгізіңіз. "Кодты жолдау" батырмасын басыңыз.
  9. Тіркелу аяқталды! Енді сіз жеке кабинетіңізге кіре аласыз.

Егер компанияны қоссаңыз, онда сіз порталда қызмет жариялай аласыз және өзге компаниялардың қызметтеріне тапсырыс бере аласыз. Сондай-ақ сіз блог бөлімінде жұмыс жасай аласыз. 

Компанияны қосу үшін мәзірдегі "Менің компанияларым" бөліміне өтіңіз. 

Содан соң "Компанияны қосу" батырмасын басыңыз. Жұмысты жағастыру үшін заңды тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасы қажет.

Енді сіз қызметті ұсына аласыз және тапсырыс бере аласыз, сондай-ақ тегін қызметтермен қолдана аласыз.

Егер де сізде ЭЦҚ болмаса, онда сіз ҚР-ның ұлттық куәландырушы орталығының порталында өтінім қалдыра аласыз. ЭЦҚ-ны қолдану үшін компьютеріңізде NCA Layer бағдарламасы орнатылуы тиіс. 
 

Иә. Сіз бірнеше компанияда қызмет етсеңіз және де әр компанияның өз қызметтері болған жағдайда бұл сұрақ оңай шешімін табады, себебі порталда тіркелген компанияларға шектеу қойылмаған.

Алдымен тіркеліңіз, содан соң компанияны қосыңыз.  

Порталға кіріңіз.

Порталдың жоғарғы оң жағындағы мәзірден "Құжаттар мен актілер" бөлімін таңдаңыз.   

 

Қолжетімді дербес шоттар бар бет ашылады. Қажетті мерзімді таңдап, "Көрсету" батырмасын басыңыз. 

 

Құрылған құжатты таңдаңыз. Порталда сіз актке қол қойып, төлем жүргізе аласыз. Егер де құжатқа сәтті қол қойылса, онда құжат мәртебесі "Қол қойылған" деп өзгереді. 

Кез келген құрылған құжатты электронды поштаға жолдауға немесе тұтынушы мен "Қазақтелеком" АҚ-ның қолдарымен *.PDF
форматында жүктеуге болады. 

 

 

Төлем

Төлемге өту үшін "Төлеу" батырмасын басыңыз. Содан соң сіз Instant Payments төлем жүйесіне ауысып, төлемді жалғастырып, "Қазақтелеком" АҚ-ның дербес шотын толықтырасыз. 

 

Қызметтердің толық тізімін Қызметтер тарауында көресіз. Сондай-ақ қызмет туралы толығырақ ақпаратпен таныса аласыз. 

Тапсырыстың мәртебесі жайлы ақпаратты Менің тапсырыстарым тарауынан көре аласыз. 

 

Блогтар тарауына өтіңіз. 

 

Оң жақтағы тізімнен мақала жариялау қажеті бар блогты таңдаңыз. 

"Жаңа мақала" батырмасын басыңыз.

 

Кез келген мәселемен жолыққан кәсіпкер оның шешімін іздейді, бірақ кей кезде дәл не керек екенін өзі білмейді. ISMET.kz басты бетінде бірнеше өмірлік жағдаяттарды көре аласыз.

Серіктестік, жарнама мен бірігу жайлы келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 20 59 56.

E-mail: info@ismet.kz

«Business-to-business» (бизнеске арналған бизнес). Бұл термин компаниялардың арасындағы қызмет пен тауар алмасу үрдісін білдіреді. Яғни заңды тұлғалар тұтынушылар үшін емес бір-біріне қызмет көрсетеді. Бұл жағдайдағы тауарлардың тізімі B2C («business-to-consumer») үлгісінен өзгеше. 

Бұл қызметтер мәліметтерді сақтау үшін жеке компьютерлік қуат пен қойманы қолданады. Мысалы, төлемді кассада жасау, электронды құжат алмасу немесе бухгалтерия есебін сақтау. Барлық операциялар онлайн орындалады, ал құжаттар бұлтты қоймада сақталады, яғни бұның бәрі қызмет көрсетуші компанияның серверінде орындалады. Осылайша құжаттарды компьютер жадысында сақтаудың қажету болмайды. Сіздің компьютеіңізде немесе серверіңізде бағдарламаны орнатудың қажеті де туындамайды.  

Дәл олай бұлтты қоймалар да жұмыс жасайды. Жұмыс күні аяқталған кезде құжаттарды, суреттерді т.б. қажетті файлдарды бұлтты дискке жүктесеңіз болады. Содан соң жұмысты кез келген құрылғы арқылы дискке кіріп, жалғастыра аласыз. Ең бастысы - қол астында ғаламтордың болуы. 

Заң бойынша рұқсат берілген кез келген қызметті ұсына аласыз. Қалағаныңыз бойынша кез келген - мобильді бағдарлама, оқыту, бухгалтерлік есеп, тасымал, сақтандыру, бөлшектеп сату және біліктілікті арттыру курстары сияқты қызметтер. 

Порталда тіркелген кез келген қолданушы қызметті жариялау үшін екі жолмен өтінім жолдай алады:

  1. Егер сізде тіркелген компания болмаған жағдайда. 
    Қызметтер тарауына өтіп, "Қызметті қосу" батырмасын басыңыз да өтінім толықтырыңыз. 
  2. Егер сізде тіркелген компания болған жағдайда.
    Профильдегі Менің компанияларым бөлімін ашып, компанияны таңдаңыз. Содан соң  "Қызметті қосу" батырмасын басыңыз да өтінім толықтырыңыз.

Иә. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаржылық емес қызметтер ұмынады.  предлагает нефинансовые услуги. Жеке сайтты құру, лицензия алу, сақтандыру, жобалау және бухгалтерлік есеп бойынша кеңестер. Мемлекеттік қамтама тарауын қараңыз. 

Пікірді қызмет туралы тарауда қалдыра аласыз. Ол үшін Менің тапсырыстарым бөлімінен қажетті қызметті ашу қажет. Бөлімнің төменгі жағындағы "Пікіріңізді қалдырыңыз" батырмасын басып, 1-ден 5-ке дейін бағалап, пікірді жазып, "Жолдау" батырмасын басыңыз.

Онлайн-KKM — смартфон немесе планшетті кассалық аппарат ретінде қолдану мүмкіндігін беретін мобильді бағдарлама. Бұл бағдарлама кәдімгі кассаның барлық мүмкіндіктері орнатылған. Бағдарламаны қолдану өте оңай және кез келген жерге өзінмен алып жүруге ыңғайлы. Онлайн-KKM өнімі туралы толық ақпарат білгіңіз келсе сілтемені басыңыз. 

Онлайн-касса бағдарламасының көмегімен салық бойынша есеп беруді ғаламтор арқылы салық орталығына жолдайсыз. Сондай-ақ тұтынушының электронды поштасына шот жолдай аласыз, сауда жайлы ақпаратты тіркей аласыз. Бағдарламаны қолдануды үйрену өте оңай.  

Кәсіпкерлерге мемлекет тарабынан көмек жайлы ақпарат білу үшін Мемлекеттік қамтама тарауына өтіңіз.

Шағын, орта және ірі бизнес.