Тұрақты байланыс - ертеңгі күнге деген сенімділік
Тұтынушылар, жеткізушілер мен серіктестерге арналған тапсырысты уақытылы қарастыру, келісім жасау және құжат алмасу үшін кез келген бизнес мобильді болуы тиіс. Операторды таңдауда әр компанияның өз сұраныстары мен талаптары бар, бірақ барлығының ортақ бір шарты - арзан әрі ыңғайлы тарифтік кестенің болуы. "Қазақтелеком" АҚ-ы кез келген тұтынушының талаптарына сәйкес келетін қызметтер кестесін ұсынады. Сізге жарайтын қызметті таңдап алып, қосылыңыз!
"Қазақтелеком" АҚ-ы стандартты қызметтерден басқа бұлтты қызметтер, хостинг, IT -қызметтерін ұсынады және бейнеконференция жүргізеді. Толығырақ ақпаратты "Қазақтелеком" АҚ-ның ресми сайтынан таба аласыз.
Қазіргі таңда байланыс түрінің ең жылдамы. Егер сізге үздіксіз және максималды жылдам интернет қажет болса, осы байланыс түрін таңдаңыз.
Сіздің кеңсеңізге арнайы цифрлы телефон, теледидар және де басқа бөлімшелермен байланысу мүмкіндігін беретін виртуалды желі құра аламыз.
ТолығырақБұл топтамада дәстүрлі телефон мен заманауи мәліметтер алмасудың тәсілдері бар.
iD Phone арқылы қала арасындағы қоңыраулар арзанырақ тұрады. Сондай-ақ конференц-байланыс ұйымдастыру, кіріс қоңырауларды кезекке қою мен қоңырауларды жазу мүмкіндіктері бар.
ТолығырақСіз бір орында отырмайсыз және де үнемі Қазақстан бойынша қоңыраулар шалу қажет пе? «iD Phone Mobile» топтамасы «iD Phone» + Алтел/Теле2 операторларының мобильді нөмірлерінен тұратын ең тиімді мүмкіндіктерді ұсынады. Қала нөмірлері мен мобильді нөмірлерден қоңырау шалуға болады. KCell және Beeline нөмірлеріне хабарласу - айына 500 минутқа дейін.
ТолығырақБизнесіңіз үшін мемлекет бойынша қала арасындағы шексіз қоңыраулармен қолданыңыз.
Орнатылған абоненттік төлемге қосылған телефон саны мен уақытқа шектеу қойылмаған байланыс көзіне ие боласыз.
ТолығырақАлыс қашықтықтағы немесе ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге арналған интернет. Бұл қызметті интернетті қосу үшін техникалық мүмкіндік жоқ жерде қолдану ыңғайлы, себебі оптикалық талшық немесе телефон желісі арқылы оңай қосылады.
ТолығырақБарлық нөмірлеріңізді біріктіріңіз - үй, жұмыс немесе мобильді нөмірлерін барлық кіріс қоңырауларды қабылдау үшін бір нөмірге топтаңыз. Кез келген уақытта, кез келген жерден сізге қоңырау шалса да, сіздің орналасқан жеріңізді біле алмайды. Басқа қалада, басқа мемлекетте болсаңыз да бірде бір қоңырау шалыс кетпейді!
ТолығырақiD Phone топтамасын қосу мүмкін болмаса, осы күнге дейін ескірмеген қарапайым шешімді қолдануға болады.
Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей бойынша шексіз қоңырау шалу топтамасымен қолдана аласыз.
ТолығырақБизнеске арналған "Универсалды нөмір" топтамасы Сізге қала және мобильді нөмір біріккен SIM-карта ұсынады. «Қала» нөміріңіз үнемі сізбен бірге болады.
Топтамаға қала нөмірлеріне қоңырау шалу үшін 6000 минут пен 4G технологиясы арқылы 20-30 Мбит/сек жылдамдығы бар интернет кіреді.
ТолығырақТұтынушылардың сізбен байланысуын ыңғайлы ету үшін сайттан қоңырау шалу батырмасын құрыңыз. Бизнесіңізді қолжетімді етіп, байланысу уақытын қысқартыңыз.
ТолығырақҚолданыстағы телефон желісін пайдалану арқылы сенімді байланыс құру. Байланысудың өзге жолдары болмаған жағдайда ең тиімді шешім.
Толығырақ