САТУ/САТЫП АЛУ

Сатып алу тез, сату оңай

Тұтынушыны қызықтыруға арналған бизнестің көптеген тәсілдері бар. Біреулері тиімді болса, басқасы жеткілікті тиімді емес. Қызметті немесе тауарды тауып алу үшін сіз уақыт пен қаражат жұмсайсыз. Егер де сіз сенімді және адал жеткізушілермен жұмыс жасасаңыз немесе тұрақты тұтынушыларыңыз болса, бұл мәселе түкке тұрмайды. Ал сенімді серіктес пен кең тұтынушы қоры жоқ кәсіпкерлер не істей алады?

Электронды сауда алаңдары - тұтынушы өзі сізді тауып алатын, ал жеткізуші сізге не қажет екенін білетін алаң болып табылады. Сауда алаңы жеткізуші немесе тұтынушыны лезде тауып беруге ғана көмек көрсетіп қоймай, олардың сенімді екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Сауда алаңы деген не?

Сауда алаңы - бұл ғаламтордағы сайт. Бұл жерде сатушы мен сатып алушылардың арасында сауда-саттық келісімдері жасалады. Сатып алушыларға жеткізушіні оңай табу, ал сатушыларға сараптама мен жарнамаға жұмсалатын қаражатты үнемдеу арқылы  тауар және қызметтерін сатуды жүзеге асыру мүмкіндігі бар алаң. Тараптар арасындағы делдал - алаңның иесі, оның міндеті - сайтты ыңғайлы, түсінікті және функционалды ету. Осылайша алаңның иесі платформаға тіркелуге көптеген қатысушыларды қызықтыра алады.

 

Сауда алаңдары қандай түрлері болады?

  • B2G (business-to-government) алаңы. Тапсырыс беруші ретінде мемлекеттік ұйымдар. Бұндай алаңдар мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруға арналған. 
  • B2B (business-to-business) коммерциялық алаңдары. Тапсырыс беруші мен тұтынушылар ретінде заңды коммерциялық ұйымдар.  Атаулы алаңның үш түрі бар.
    1)Сатып алушылар әзірлейтін алаңдар. Қажетті тауарды табу үшін және жеткізушілерді біріктіру үшін ірі компаниялар мен холдингтердің тобы әзірлейтін алаң. Барлық жеткізушілер бір платформада болған кезде өте ыңғайлы болып табылады. 
    2) Сатушылар әзірлейтін алаңдар. Осылайша компаниялар тауарды өткізу каналдарын кеңейтеді.
    3) Үшінші жақ басқаратын алаңдар. Ең көп аудитория әдетте осындай платформаларда  болады. Олар өзара салалық және көп салалық болып екіге бөлінеді.
  • С2С (consumer-to-consumer) жеке тұлғалар арасындағы сауда-саттық алаңы. Бұл алаңға қазақстандық OLX.kz немесе Kolesa.kz, ал шетелдік eBay сияқты қызметтер өте жақсы үлгі болып табылады.
  • B2C (business-to-consumer) электронды бөлшекті сауда-сатыққа арналған веб-сайттар, немесе интернет-дүкендер. Сатушы - компания, сатып алушы - жеке тұлға. Мысалы: meloman.kz, amazon.com, ozon.ru.

 

Келесі тізімнен сауда алаңды таңдап, тіркеліңіз, сатып алыңыз, сатыңыз және табыс табыңыз. Серіктестер порталға шықпас бұрын тексерістен өтті, сондықтан оларға сенуге болады.

 

Электронды алаңдардың артықшылықтары

  • Барлығының құқықтары тең
  • Барлық қатысушылар үшін оңай тіркелу мүмкіндігі бар
  • Қауіпсіздік: борышқорлардың қатарынан және адал емес деп танылған, жалған кәсіпорындардың қатарынан табылғандар сауда алаңына шығарылмайды
  • Қағаз жүзінде ешбір құжат алмасу жүргізілмейді, келісімнің заңдылығына электронды цифрлы қолтаңба кепілдік береді
  • Географиялық тәуелсіздік: әлемнің кез келген жерінен сауда-сатыққа қатысыңыз

 

Сатып алушы үшін

 

      Жеткізуші үшін

 

Сатып алуларды жүргізу кезінде жұмсалатын уақытты үнемдеу

Сатып алулардың ашықтығы

Ыңғайлы әрі тез арада тауарды іздеу

Әртүрлі тауарлар жинағы  

Сатып алу бағасын төмендету

 

 

      Топтамаларды тез арада іздеу

      Жарнамадан үнемдеу: қажетті аудитория алаңнан табылады

      Адал бәсекелстік

      Өтім каналдарын кеңейту